Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

19 қаңтарда Омбы – Майқапшағай тасжолының 924/150 шақырымында Kia Rio және Mitsubishi Outlander маркалы екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stan.kz ақпарат агенттігі

Оқиға орнында соқтығысқаннан кейін Kіa жүргізушісі мен екі жолаушысы, сонымен қатар Mitsubishi жолаушысы қаза тапты. Outlander көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.  

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Талқылау