Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстіктен Оралға жұмыс іздеп келген келген 50-ден астам азамат алаяққа алданып қалды

Оралға ақша төлеп, жұмысқа тұрамыз деп келген Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары далада қалды. Барлығы 53 адам "ISKER Consortium" ЖШС-ға жұмысқа тұру үшін Данияр Жұмабеков есімді азаматқа 150 теңге ақша аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. 

алданып қалған

Ер азаматтар 600 мың теңге жалақысы бар жұмыс жайлы естіп, бейтаныс азаматқа ақша аударған. Артынша олар Оралға келсе, уәде етілген автобус та, жұмыс берушінің өзі де, жұмыс та болмаған. 53 адамның жартысы алданып қалғандарын біліп, кері қайтып кетсе, 28 адам вокзал маңындағы хостелге тұрақтапты. 

"Мынау Даниярға хабарласудамыз, бірақ ол бізге тек құрғақ уәде беріп келеді. Алдымен автобус жіберемін деді, бірақ өзгерген ешнәрсе жоқ. Біз оның бұл әрекетіне шағымдана бастадық, содан кейін ғана бізді жұмысқа орналастыра алмағанын мойындады. Жіберген қаражатымызды да жұмсап үлгеріпті. Жақын арада несие алып, қайтарып беремін деп айтты. Бірақ біз оған сенуден қалдық”, – дейді түркістандық Ербол Жартыбаев. 

Аумақтық еңбек инспекциясы жұмысшылар мен кәсіпорын арасында еңбек шарты жасалмағандықтан, көмектесе алмайтындарын хабарлады. Бірақ зардап шеккендердің аразы полицияға жіберілді.


Талқылау