Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаппен қант жіберемін деген": Өскемен тұрғыны 90 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деп айыпталуда

Өскемен тұрғыны 90 миллион теңгеге қант сатамын деп алаяқтық жасағаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz порталына сілтеме жасап.

"Мәлімет бойынша, елде қантқа байланысты қарбалас кезінде ол бірнеше қап қантты достарына алып беріп жіберген. Мұны таныстар арқылы естіген жұрт өздеріне де қант алу үшін әйелге ақша аударған. Қаппен қант жіберемін деген әйел тауарларды белгіленген мерзімде жібермеген. Алданғандар құқық қорғау органдарына жүгінген. Келтірілген шығын 90 миллион теңгеден асады", - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.



29 жастағы әйелдің әрекетінен қазірдің өзінде жүзден астам адам зардап шеккені нақтылануда.

Оның асырауында кәмелетке толмаған екі баласы болғандықтан, келу міндеттемесі түріндегі шара таңдалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Талқылау