Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда балаларға жасалған зорлық-зомбылық үшін өлім жазасы енгізілді

Оңтүстік Корея балаларды қорлағандар үшін өлім жазасын енгізді. Елде осындай қылмыстардың көбеюіне байланысты балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазалар қатаңдатылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Korea Herald басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық жиналыстың жалпы отырысында билік балаларды қорлағаны үшін жазалау туралы заңды қайта қаралды.

Jeong-in Act заңы деп аталған түзету 16 айлық қыздың атымен аталады. Қыз бала асырап алған ата-анасының қатыгездігінен шетінеп кетті.

Қайта қаралған заңға сәйкес, балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасайтын, өлімге әкелген адамдар, өлтіру туралы ниеті болмағандар да өлім жазасына кесіледі немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы отырысқа қатысқан 254 депутаттың 252-сі заң қабылдау үшін дауыс бергенін, бір депутат қарсы болғанын, біреуі қалыс қалғанын атап өткен жөн.

«Чон Ин ісі сияқты оқиғаларды қатаң үкімдермен шешу мүмкін емес. Қылмыскерлер оның салдарын білсе де қылмыс жасайды» деді заңға енгізілген өзгеріске қарсы дауыс берген оппозициялық партия мүшесі Ким Ун.

Басылымның мәліметінше, Оңтүстік Кореяда балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарламалар саны жыл сайын артып келеді, 2015 жылы 11000 болса, 2019 жылы 30000 дейін өсті.

Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Сонымен бірге, құқық қорғаушылар мен адвокаттар қазақстандықтарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын заң жобасын қабылдауды қолдады. Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы даулы заң жобасын кері қайтарып алды.

 

Талқылау