"Оны тосынсый күтіп тұр": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен бірге Лондонға аттанды
29 жасын дүркіретіп тойлаған блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі, мобилограф Сәкен Қағаровпен бірге шетелге кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Блогердің сүйіктісі туған күнге қандай сыйлық әкелгенін Revue News бағдарламасында айтты.
“Айжұлдызға бірнеше елге саяхатқа жолдама сыйладым. Екі-үш күннен кейін кетеміз. Барлығын әлеуметтік желіден көресіздер ғой. Әуелі Лондонға, сосын Исландияға барамыз. Ол жақта оны тосынсый күтіп тұр", – деп қызықтырып қойды Сәкен Қағаров.
Айта кетейік, Айжұлдыз бүгінде сүйіктісімен бірге тұрып жатқанын растаған еді.
“Мүмкін тағы да бөпелі болармыз. Сіздерге айтпаған жаңалық көп. Бүгінде сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі дайын болған кезде, мен де дайын боламын. Рұқсат берсе болды”, – деген еді актриса.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"