Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев Түркістанда көз жұмғандардың өліміне кінәлілерді анықтауды тапсырды

Түркістанда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шөкеев

"Бүгін Түркістан қаласында қайғылы жағдай орын алды. Бір отбасының бес мүшесі газдан уланып қайтыс болды. Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!" - деп жазды Шөкеев. 

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылған.

"Сондай-ақ, Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым", - деп қосты ол.

Бұған қоса, Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында 5 адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді.

Облыс басшысы полиция департаментіне, төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы көз жұмған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді. 5 азаматтың денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылды, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.

Сонымен қатар, 28 ақпанда сағат 11-де барлық мүдделі органдардың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында төрт бала мен олардың аналары улы иіске уланып ажал құшқаны айтылған болатын.


Жамбыл облысында өрттен бір отбасының бес баласы қайтыс болды

Талқылау