Өмірін ұзартуды қалайтын америкалық миллиардер 17 жастағы ұлының қанын өзіне құйған
45 жастағы америкалық миллиардер Брайан Джонсон 17 жастағы ұлының қан компоненттерін жасару үшін өзіне құйған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше қан компоненттерін құю процесі Даллас қаласындағы жекеменшік ауруханада өткен. Бірнеше сағаттың көлемінде 17 жастағы Талмейджейден 1 литр қан алынған. Кейін оны плазмаға айналдырып, Брайан Джонсонға құйған.
Джонсон үшін плазма құю процесі қалыпты жағдай екен. Себебі миллиардер бүған дейін анонимді донордан плазма алып, құйғызған. Мәлім болғандай қан құймай тұрып белгісіз жасөспірімді толыққанды тексерген.
Bloomberg басылымы Джонсонның медициналық командасы жасару үшін қан құю процесін жүзеге асыруды мақұлдаған. Дегенмен бұл әдістің адам ағзасына қаншалықты оң әсер ететіні нақтыланбаған. Қан плазмасын құю Паркинсон мен Альцгеймер ауруының алдын алу үшін жүргізіледі.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып