"Өмірден өткен": Тамара Асар енесі туралы айтты
Былтыр тұрмыс құрып, ана атанған Тамара Асарға отбасы мен жеке өмірі туралы жолданатын сұрақтар толастар емес. Бұған дейін әнші күйеуінің бауырлары мен ұлы жайлы айтса, бұл жолы енесі жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Енем өмірден өтіп кеткен. Иманы саламат болсын", - деп қысқа қайырды Асар.
Сондай-ақ, оқырмандарымен емен-жарқын әңгімелескен өнер иесі отбасындағы абысындар татулығы жайлы сөз қозғады. Үлкен абысынның кішіні басынуына қатысты әнші:
"Бұл тақырып жер бітіп, су аққалы басталған. Мұның нақты әрі қысқа жауабы жоқтың қасы. Бәрі дәл сол ара-қатынас жағдайына, түсінік пен тәрбиеге байланысты өрбиді ғой. Өз тәжірибемнен жазайын: ақылмен кішірейе білген кісі, кішірейткісі келетіндерден де биік бола алады", - деді.
Күні кеше қазақстандық жұлдыздардың жаппай қайырымдылық акциясына қатысып, 1,5 жасар бүлдіршіннің еміне ақша жинағанын жазған едік. Оқырмандардың бірі әншінің не себепті игі іске атсалыспағанын сұрады. Оған Асар:
"Ескертуіңізге рахмет. Өз үлесімді қосқанымды жария қылғым келмеп еді. Сіздің өкінішті деген сөзіңізге бола жазуға тура келді-ау. Эфирде болдым. Қаржылай үлесімді қостым. Сториске ол балапан жайында шығардым. Мұсылманда көрмей-білмей біреудің сыртынан тон пішіп, өкінішті деп өкінудің өзі күнә", - деп жауап берді.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
