Тамара Асар күйеуінің ер жеткен ұлын көрсетті
45 жасында қызды болған Тамара Асар тағы да сәби сүйгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram-дағы оқырмандарына әнші тағы да балалы болу жайлы ойымен бөлісті.
"Әрине, қалаймын. Бізге Алладан Ажар сияқты аяқ асты сюрприз болып келсе, менің әйел әлемім перзентті сүйеді. Тек денсаулығым мен жүйкеме, өзімді басқаруыма бапты күшейтер едім", – деді Асар.

"Ыңғайға қараймыз ғой, көп нәрсе үйреткім де келеді, қызықтағым да келеді", – деп ағынан жарылды ол.
Соңғы уақыттары халықпен емен-жарқын сұхбаттасып жүрген Тамараға жолдасы мен қайын жұрты жайлы сұрақтар көптеп қойылады. Әнші күйеуінің жасы 45-те екенін, отбасында бір ағасы, бір қарындасы бар екенін айтты. Сондай-ақ бұрынғы некесінен ұлы бар екенін жасырмады.

"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып ауруханаға түсті
Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған
Қазақстанды дүр сілкіндірген теракт: Жалғыз адам екі сағатта қалай бірнеше адамның өмірін қиды
2011 жылы 12 қарашадағы шабуыл аяқ астынан болмады