"Өлтіреміз деп қорқытты": Алматыда өзбек азаматтары құлдыққа түскен
Алматыда құлдықта болған 10 Өзбекстан азаматы анықталды. Олардың құжаттары мен телефондарын тартып алып, жекеменшік үйде күштеп ұстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dunyo басылымына сілтеме жасап.

Үш өзбек азаматы Алматыда орналасқан Өзбекстанның бас елшілігіне жүгінген. Сөздерінше, жергілікті тұрғындар оларды өлтіретінін айтып, жекеменшік үйде күштеп ұстаған. Сонымен қатар заттары мен мобильді телефондарын тартып алған.
Елшілік қызметкерлері полициямен бірге аталған жерге барған. Құлдыққа түскен азаматтар Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілген. Ал шетелдіктерді күшпен ұстағандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 389-бабы "Өзінше билік ету" бойынша іс қозғалды.
Тергеу шаралары кезінде оларға төлқұжаттары мен жеке заттарын қайтарып, теміржол вокзалына дейін жеткізген. Шетелдіктер аман-есен елдеріне оралды.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен