Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов 10 баланың әкесі атанды (фото)

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов “Время” газетінің тілшісі Оксана Василенкоға сұхбат беріп, осыдан бір ай бұрын 10 баланың әкесі атанғанын айтты.

1353580806-741

17 жыл бұрын Олимп шыңын бағындырған қазақ боксшысы одан кейін Геннадий Головкин, Василий Левит сынды спорт майталмандарын жаттықтырды. Рингке шықпаса да, “сахна” сыртында нағыз майталмандарды тәрбиелеп жүрген боксшының жеке өмірі туралы көпшілік біле бермейді. Сондықтан болар, Ермахан Ыбрайымов 10 баланың әкесі атанды дегенді ел таңырқай қабылдады.

ibraimov 130417

“Менің он балам бар. Кенже ұлым осыдан бір ай бұрын дүниеге келді. Және біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі жұбайым Айжан: «Сен бокстан алтын алдың, мен де ана ретінде алтын алғым келеді. Демек жеті бала дүниеге әкелуім керек», – деп айтады. Дәл қазіргі уақытта екі некемнен туған екі қызым, сегіз ұлым бар. әрқайсысының қызығушылығы әртүрлі. Үлкен ұлым Тойбек 20 жаста, ол режиссер мамандығын таңдады. Екінші ұлым Мейірбек (18 жас) аспаздың, ал үшінші ұлым Қайырбек (17 жас) инженер-геологтың оқуын оқып жатыр. Үшеуі де кәсіби түрде ватерполомен айналысқан. Ортаншы балаларым – қызым Сымбат волейболмен, ал ұлым Аманбек баскетболмен айналысады. Яғни мен балаларымның ешқайсысын бокспен айналысуға мәжбүрлеген жоқпын және олардан негіз де байқамадым. Тек 7 жастағы ұлым Айсұлтанның бойында боксшыға тән қасиеттер бар. Қазіргі уақытта ол гимнастикамен айналысып жатыр, ал 10 жасқа толғанда боксқа беремін”, – деп ағынан жарылды боксшы.

Ыбрайымов боксшы болатын баласын өзі жаттықтыратынын айтып қалды. Ол ұлын чемпион емес, жақсы адам етіп тәрбиелеуді басты мақсат тұтып отыр.

“Иә, оны өзім жаттықтырамын. Алайда ұлым чемпион бола ма, болмай ма – ол негізгі мәселе емес. Бастысы оны жақсы адам етіп тәрбиелеуім керек. Түсінгенім адамның чемпион болу-болмауы оның өзіне байланысты емес. Сен әбден жаттыққан болып, барлығы сенен болашақ чемпионды көруі мүмкін. Алайда бір уақытта сен сәтсіздікке ұшырайсың. Мәселен, жақындарыңның бірі науқастанып немесе жекпе-жек алдында өзің аяқ сындырып алуың әлде біреу көңіл-күйіңді бұзуы мүмкін. Болды, соның салдарынан сен нашар өнер көрсеттің. Спортта мұндай жағдайдың талайын көрдім. Жалпы тек спортта емес, барлық жерде адамның неге лайықты, ал неге лайықсыз екенін бір Жаратқан шешеді”, – деп түйіндеді сөзін Ермахан Ыбрайымов.

Жіберіп алмаңыз:

 Алматыда тегін күрес үйірмесі ашылды

Жақсылық Үшкемпіров жас балуандардың бірін алып жықты

БАҚ: “Реалдың” жеті ойыншысы Роналдуға қарсы шықты

БАҚ: Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықпайтын болды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр