Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіров жас балуандардың бірін алып жықты

Классикалық күрестің шебері, ардагері, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров бүгін өзінің керемет спорттық қалыпта екенін жас спортшыларға дәлелдеп берді.

WcFakuT8xqU-1024x683

Алматы қаласында өткен шеберлік сағатында қарт балуан жас балуандардың бірін алып жықты. 65-ті еңсерген чемпион залға жиналған 200-ден астам жас балуандарға күрестің қыр-сырын паш етті. Даңқты балуан мұнымен қоса сұрақтарға жауап беріп, өзінің қиын спорттық өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды dodasport.kz.

– Бүгін менің өмірімдегі ең бір қызықты есте қаларлық оқиға болды, – деп Жақсылық Үшкемпіров шеберлік сағатынан алған әсерімен бөлісті. Жас балуандардың күреске деген құштарлығын ояту үшін бұндай шараларды жиі өткізіп отыру керек. Тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де өткізген дұрыс. Сонда ғана елімізде Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондары өсіп шығады. Бұл жастарға үлгі болады. Маған сұрақтар қойылған кезде мен балалық шағыма оралғандай боламын. Бүгінгі кездесуге ризамын. Бүгінгі жас ертең бізге ұқсаған чемпион болса екен деген тілегім бар, – деді балуан. Онымен қоса Олимпиада чемпионы Алматы тұғындарына «Халық аренада» ашылған тегін күрес үйірмелеріне баруға кеңес берді. Бұл шара Алматы қаласында бастау алған тегін күреспен айналысу науқанына байланысты өткен болатын.

Айта кетейік, осы секілді шеберлік сағаттары 10 күн сайын өткізіліп тұрады. Оған Олимпиада чемпиондары, әлем біріншіліктерінің жеңімпаздары мен түрлі халықаралық додаларда топ жарып жүрген балуандарымыз қатысады. Бұдан бұрын даңқты балуандарымыздың бірі Дәулет Тұрлыханов шеберлік сағатын өткізген болатын.

Тағы да оқыңыз:

Жақсылық Үшкемпіров өз қаражатына бала-бақша мен жатақхана ашты

БАҚ: Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықпайтын болды

Футбол клубы намазға байланысты жұма күніне матч қоймауды талап етті

Талқылау