Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: “Реалдың” жеті ойыншысы Роналдуға қарсы шықты

“Реал” футбол клубының жеті бірдей ойыншысы бас бапкер Зинедин Зиданнан шабуылшы Криштиану Роналдуды қосалқы құрамға отырғызуды сұраған.

xw_1328797

Бұл туралы Don Balon басылымы хабарлайды.

Ойыншылар португалиялық сұрмергеннің тәкаппарлығы мен алаңда 100 пайыз беріліп ойнамайтынына риза емес. Көңіл толмаушылық танытқан футболшылар алаңға беделді ойыншы емес, матчқа дайын ойыншылардың шыққанын қалайды.

Дерек көзінің мәліметінше, “Алтын доптың” төрт дүркін иегеріне қарсы шыққандардың арасында Альваро Мората, Марко Асенсио, Гарет Бэйл, Матео Ковачич, Лука Модрич, Лукас Васкес және Тони Кроос сынды ойыншылар бар.

Бірақ Don Balon басылымы Барселонада басылып шығатындықтан, бұл ақпарат шындыққа жанаспауы мүмкін. Өз кезегінде королдік клуб басшылығы жақын арада болатын эль-классико қарсаңында тараған бұл ақпарат қате екенін айтты.

31 жастағы Роналдудың клубпен келісім-шарты 2021 жылдың 30 маусымында аяқталады.

Оқи отырыңыз:

Чемпиондар Лигасы матчының алдында жарылыс болып футболшы жарақат алды

Геннадий Головкин 35 жасқа толған туған күнін Лос-Анджелесте атап өтуде (фото)

Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр