Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің медалі қанша тұратыны белгілі болды
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтің Париждегі Олимпиадада жеңіп алған алтын медалінің қанша тұратыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Sportilinet
Олимпиада медалінің өзі – 529 грамм, бірақ ол 95,4% күмістен тұрады. Оның құрамында небәрі 6 грамм таза алтын бар. Олардың қазіргі бағасына сүйенсек, медальдің құны шамамен 950 доллар немесе 450 мың теңге болады.
Егер медаль толығымен алтыннан жасалған болса, оның құны шамамен 41 мың доллар, яғни 19 миллион теңге болар еді. Соңғы рет мұндай таза алтын медаль 1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиадада табыс етілді.
Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келі салмақта топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

