Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлең" мен "әннің" қандай айырмашылығы бар?

Қазақ тіліндегі өлең мен ән сөздерін қолданушылар жиі шатастырып, бірінің орнына бірін қолданып жатады. Бүгінгі шығарылымда екі сөздің қолданылу ерекшеліктері жайлы жазамыз. 

Мысалы, «Әншінің әнін тыңдаймын» деудің орнына «әншінің өлеңін тыңдаймын» деп қолданады. «Өлең» мен «әннің» айырмашылығы мынада:

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. 
Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни әннің өлеңі. 

Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы.
Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. 
 

 

 

 

Талқылау