Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде "Күнделік" жүйесін қолдануға шектеу қойды ма – Министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің мектептердегі "Күнделік" жүйесін қолдануды шектейтін бұйрық шығармағынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Абзал Қалиев

Министр мектептердегі электронды жүйелерді жергілікті атқарушы органдар белгілейтінін атап өтті.

"Бұйрық болған жоқ. Ресми түрде мәлімдеймін. Жүйелерді жергілікті атқарушы органдар өздері белгілейді. Мен арнайы өтініш жасап, мониторинг жүргіздім. Платформалары өзгерген 5 өңір бар және олардың барлығы әртүрлі. Кәсіпкерлер білім беру ұйымдарына сапалы қызмет көрсетуге ұмтылуы керек. Сонда мәселе болмайды", – деді министр Ғани Бейсембаев. 

Сондай-ақ журналистер министрден бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен оқу-ағарту министрлігі электронды жүйелердің жол картасы бойынша қандай келісімге келгенін сұрады. 


Мектепте жаңа жылда ақша жинап, мерекелік шара ұйымдастыруға бола ма – Оқу-ағарту министрі жауап берді


"Бұл келісім емес. Кездесу болып, "Күнделік" жүйесіне қатысты барлық болжамдар айтылды. Сондықтан менің орынбасарым агенттікпен келіссөздер жүргізді, бірақ бұл ешқандай қосымша құжат қабылданғанын білдірмейді", – деді министр.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының басында Қазақстанның бірнеше өңіріндегі мектептер "Күнделік" жүйесінен бас тартып, “BilimClass” электронды күнделігіне көшкен еді. "Күнделік" компаниясының өкілдері әкімдіктердің шешіміне оқу-ағарту министрлігі өңірлерге тиісті хат жолдап, ықпал етуі мүмкін екенін айтты. Министрлік бұл деректі жоққа шығарды.

21 қараша күні бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Күнделік" ЖШС-нің өтінішін қарап, оқу-ағарту министрлігінің әрекетінен бәсекелестікке қарсы әрекеттердің белгілерін анықтағанын мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін қостанайлық мектептерде "Күнделік" электронды журналы алынып тасталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау