Өкпеден қан кеткен: Шымкенттік дәрігерлер өкпесі 90% қабынған 82 жастағы әжені емдеді
Өкпесі 90% қабынған 82 жастағы әйел емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

82 жастағы Галина Хрущеваға пневмония диагнозы қойылып, ауыр халде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.
Тексеру барысында дәрігерлер науқастың өкпесінің 90%-ы зақымданғанын анықтаған. Егде әйелдің өкпесінен қан кеткен.
- Ақтаулық дәрігер халықтан өкпеге жасанды ауа беретін аппарат үшін ақша жинауды сұрады
- "Қазақстанда өкпесі қабынғандардың саны ұлғайып жатыр. Пневмония мен коронавирустың айырмашылығы неде
30 маусымда денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерлер оны жансақтау бөліміне ауыстырды. Онда мамандар COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетті. Нәтижесінде науқастың денсаулығы жақсарып, 6 шілдеде ол ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер әженің жағдайы алаңдаушылық туғызбайды дейді мамандар. Ал ол өз кезегінде дәрігерлерге алғысын білдірді.
"Барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен тағзым! Бала-шағаларыңыз аман болсын. Өзіңе өзің қамқор бол", - деді 82 жастағы Галина Хрущева дәрігерлеріне.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар