Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өкпесі қабынғандардың саны ұлғайып жатыр. Пневмония мен коронавирустың айырмашылығы неде

Елде пневмониядан көз жұмғандардың саны еселеп өсіп жатыр, жағдай коронавирустан да қиын болып барады. Санаулы күнде тек Ақтөбе облысында - 18, ал Жаңаөзенде 6 адам пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ақтөбеде маусым айында өкпесі қабынған 700-ден астам науқас анықталған. Ал дәрігерлер ауруы асқынғандарды ғана ауруханаға жатқызады. 

"478-і стационарда. Ауданда провизорлық стационарда 131 адам жатыр, соның 80-і пневмония. Іс жүзінде барлық ауданда ковид те, пневмония да шығып жатыр. Бірақ қаладағы сияқты емес", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқамасы (ДСБ) басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.

Коронавируспен қатар өршіген пневмония Шымкентте де анықталып жатыр. Мұнда осы айдың басынан бері 360 адамның өкпесі қабынып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Дерті асқынған 4 адам бақилық болыпты. Сырқаттанғандардың саны күн санап артқан соң, мамандар жедел әрекет ете бастаған.

"Қосымша провизорлық госпиталь ашылды. 1420 төсек орындық аштық. Оның бәрі дайын. Ол жерге қосымша 22 ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараты қойылды. 27-не дейін тағы 40 аппарат қойылады. 38 мониторинг қойылған", - деді Шымкент қалалық ДСБ ресми өкілі Мухаббат Тұрғанбаева.

Жаңаөзен қаласының ахуалы да көңіл көншітпейді. Өңірде бір аптада 105 науқастың қос өкпесі сыр беріп, ауруханаға жеткізілген. 6 адам дерттен көз жұмған. Дәргерлердің айтуынша, пневмониямен ауырғандарға жасалатын ем-домның коронавирус жұқтырғандарға көрсетілетін емнен айырмашылығы жоқ. Тек өкпесі қабынып қайтыс болғандарды оқшаулап жерлемейді. Әзірге айырмашылығы сол ғана.

 

Талқылау