Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық дәрігер халықтан өкпеге жасанды ауа беретін аппарат үшін ақша жинауды сұрады

Ақтауда провизорлық стационарда істейтін дәрігер халықты оттегі концентраттары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға ақшалай қаражат жинауға шақырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақтау

"Пневмония - оттегіні қажет ететін ауру, егер ауа болмаса, дәрі-дәрмектен келер көмек аз. Мемлекет берген оттегі аппараттары тапшы. Ал науқастар күн сайын көбеюде. Кімнің өмірін құтқарамын деп қалай қаңдайсың?! Сондықтан, сіз бен біз болып, өз халқымызға көмек көрсеткіміз келеді. Қосымша оттегі концентраторларын және ӨЖЖ аппараттарын сатып алу үшін еңбекақымыздың бір бөлігін салуға дайынбыз. Сол үшін барлықтарыңыздан қолдан келгенше көмектесуіңізді сұраймын", - деп жазды Индира Атажанова Instagram-да.

Дәрігер әр аударылған теңге үшін есеп беріп, аппараттардың құны мен сатып алынғаны туралы айтуға уәде берді.

"Бұл концентраторды кімнен алып, кімге қосатыныңыды білмейсің. Себебі аппарат 15-20 адамға есептелінген, ал ауырып қалған адам саны 200-ден асады. Ауырып жатқан адамдар өте көп. Бізге бұл жағдайдан жол тауып шығу керек. Әрине, емдік дене жаттығулары бар, емдік дене шынықтырумен айналысқанда біз адамға концентратор беріп, өзгертеміз, яғни мұның бәрі кезекпен жасалады", - деп түсіндірді дәрігер.

"Астана" телеарнасының мәліметтері бойынша, тәулік ішінде 700 мың теңге жиналған.

Денсаулық сақтау басқармасы құрал-жабдықтардың жетіспейтінін растады. Бүгінгі таңда қалада 50 оттегі аппараты жетіспейді. Бірақ ИВЛ аппараттарымен ешқандай мәселе жоқ, деп сендірді шенеуніктер. Жетіспейтін техниканы бюджет есебінен сатып алуға уәде берген.

"Мүмкін, ол дәрігер мұны толқыныс үстінде жазған шығар. Мүмкін, ол өзі айтқандай, бәрінің жақсы болғанын қалаған шығар. Әрине, бұл оның жеке парақшасы, оның жеке өмірі, мұндай жағдайды айтуға құқығы жоқ дей алмаймыз. Егер осы бастамасымен аппаратты сатып алса, біз оған рахмет айтамыз, тыйым сала алмаймыз", - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

Талқылау