Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оған еркелей алмаймын": Қайрат Нұртастың әйелі әкесі жайлы айтты

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова әкесі жайлы айтты. Әкесінің томаға тұйық жан болғанымен, әр істе әділетті әрі қатал адам екенін айтты. Әкесінің қаталдығынан бала болып еркелемегенін еске алды. 

"Ол кісі – оқытушы. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде сабақ береді.
Болмысынан томаға тұйық. Психологиялық портреті нағыз мұғалімдікі. Оның алдына артық сұрақпен не бала боп еркелеп бара алмайтынбыз. «Жақсы оқыңдар, дұрыс жүріңдер!» - бізден талап ететіні – осы. Біз дегенім: екі әпкем, ағам және інім. Мен үйдің төртіншісімін. Әкемді танитындар оның мінезін жақсы біледі. Дөкейдің баласы болса да артық баға қойып көрмеген жан. Әкем үшін бірінші заң – әділеттілік. Оны студенттері де біледі. Бізді де «Ешқашан біреудің ала жібін аттамаңдар, түзу жүрсеңдер қисық болмайсыңдар» деп, туралықпен тәрбиелеп отыратын», - деп жазды Жұлдыз желіде.

Әбдікәрімова ата-анасы жайлы желіде жиі жазып жүр. Он жыл бойы ата-анасы күйеу баласы туралы да, қызы туралы да елге тіс жармаған.



«Әке деген біз үшін аяқ тартатын тұлға. «Әкеңе айтамын» деген сөз таяқтан да ауыр болатын. Сондықтан тентектігіміз әкеміздің құлағына жетпес үшін анамыздың бір ауыз «Тәйт!» дегеніне тына қалатынбыз. Жұмыстан кеш келсе де, түнімен біз түсінбейтін бірдеңелерді сызып отыратын. Бір күні үй жинап жүріп, жұмыс үстелінің үстіндегі сызбаларға көзім түсті. Не деген шеберлік! Тіпті, геометрия мен математиканың өзі өнер екен-ау деп таңқалдым. Мұндай іс кез келгеннің қолынан келмейді деп, іштей әлемге әкеммен мақтанып алдым», - деді ол. 

Жұлдыздың ата-анасын танып қалған оқырмандары енді әпке-бауырларын көрсетуін өтінді. Отбасы мүшелерімен жақын таныстыруын сұрап жатыр. 

«Бауырларыңды көрсетпейсің. Оның бір құпиясы бар ма? Керемет. Жұлдыз, ата-анаңа Алла ұзақ ғұмыр берсін. Балалық шақтарың ұзағынан болсын. Бауырлары түгіл өзін әрең көрмедік пе араға қанша жыл салып. Ата-анаң 100 жасасын, аман болсын. Ұстаздар күні құтты болсын! Әкеңізге ұзақ өмір. Сіздің сауаттылығыңызға тәнтімін. Қайрат өте тәрбиелі үйден шыққан қызды алғанына қуаныштымын. Алла жар болсын», - деп жазды олар. 

Талқылау