Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттама жарамсыз деп танылды
Астанадағы Байқоңыр ауданының соты Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну бойынша "Мұқалмас" бірлестігі отырысының хаттамасын жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы жиналыста Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуды алты адам жақтап, 11 адам қарсы дауыс бергені атап өтілді.
"Жалпы жиналыс барысында көпшілік ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуға қарсы дауыс берді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ сотта жалпы жиналыста бірлестіктің кейбір қатысушылары болмағандықтан олардың дауыстары саналмайтыны белгілі болды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Нұржан Әлтаевты 7 қазанда республикалық "Мұқамас" қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын. Алайда кандидат ұсынған құжаттар ОСК мүшелерінің арасында күмән тудырды. Бірлестік сотқа шағым түсіргеннен кейін ОСК кандидат Әлтаевтың талаптарға сәйкестігін анықтау рәсімін тоқтатты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған