AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қадыр Доғулы үй тауып, пәтерақымды төлеп берді": Нұрлан Қоянбаев шетелде көрген қиындықтары жайлы айтты

Нұрлан Қоянбаев шетелде кино түсірудің қиындығы мен қызықтары жайлы айтты. Шетелдегі қазақтар, қазақ контенті, идеология жайлы сөз қозғады. Шетелде кино түсіріп жүрген продюсер, өз елінен ешқайда көшпек емес. 

Бұл туралы "AdminAnon" бағдарламасында айтылды. 

Нұрлан Қоянбаев шетелде кино түсірудің қиын шаруа екенін айтады. Көпшіліктен сын естіген продюсердің айтуынша, халық тек жақсы, дайын нәрсені көреді. Бір жұмыстың соңында қанша еңбек, қанша күш жатқанын ешкім білмейді дейді ол. 

"Түркияда танымал актер Қадыр Доғулы көп көмектесті. Мен қайда барсам да ниетіме қарай солай болады. Түркияға бала-шағаммен бардым. Қонақ үйде тұру мүмкін болмай кетті. Бір күні досым, бір жағынан інішек болып келеді, Қадыр Доғулыдан пәтер тауып беруін сұрадым. Ол маған өз үйінің жанынан пәтер тауып қойыпты. Пәтер деуге келмейді. Нағыз ғимарат. Үлкен коттедж. Мен бірден оған пәтерақы төлей алмайтынымды айттым. Маған кішірек баспана тауып бер деп кетіп қалдым. Ақшасын да азайтып берді. Сонда да көнбедім. Кейіннен өзі үй иесімен келісім шарт жасасып, өзі ақшасын төлеп қойыпты. Ақшасын кейін бердім. Солай мені өзіне көрші қылып алды. 9 айдай тұрдық. Рахметімізді айтып, қонаққа шақырдық. Алматыдан арнайы әшекей алдырып, Неслиханға сыйладық. Өзім Түркияға көшкен емеспін. Қазақстаннан кететін ойым жоқ", - деді Қоянбаев.

Айтуынша, түрік халқы Қазақстаннан барған азаматтарды, қазақ бауырларын өте жақсы құрметтейді. Қазақтарға ұлы даланың баласы ретінде қарайды. 

"Түріктердің қазақтарға деген ерекше құрметін байқауға болады. Қазақтар үлкен жердің иесі, ұлы даланың баласы, үлкен жерден келген адам деп қарайды. Бауырлас елміз деп санайды. Соны түсінген, соны білген бауыр халқымызға риза болдым. Біз шынында да тарихы тереңде жатқан үлкен елміз ғой. Бұндай елден көшу қиын. Біздің не себепті 550 жылдықты тойлайтынымызды түсінбейміз. Біздің тарихымыз сонау ежелден басталмай ма? Кеше ғана тәуелсіздік алған жас мемлекет емеспіз ғой. Бұндай елден көшу қиын. Мен ауылдың баласымын. Мен қазақпын. Мен елден кете алмаймын. Маған ауылдың қауыны, ауылдың суы керек", - дед продюсер. 

Нұрлан Қоянбаев бір кездері киноларында орыс тілі мен қазақ тілін шұбарлады, қазақ тілін, ауыл өмірін қор қылды деген сынға қалды. Бұны өнердегі ағасы Уәлибек Әбдірайымов мырза айтқан еді. Қоянбаев соңғы түсірен киносын қазақ тілінде түсірген екен. 

"Мен өзім ауылдың баласымын. Солай бола тұра мен қалай ауылды жамандаймын. Мен қалай ауылды жек көремін. Не себепті мен қазақ тілі мен ауылдың өмірін мазақ қылуым керек? Менің өзімнің мақсатым бар. Мен керісіндше ауылда да өмір бар, ауылдың өмірі жақсы дегенді айтқым келген. Соңғы түсірген киноларым қазақ тілінде. Әдейі қазақ тілінде түсірдік. Тек Жан Байжанбаевтың орыс тілді екенін ескеріп, орыс тілінде түсірген кадрларымыз бар", - деді ол. 

Қоянбаев сынды жақсы көтеретінін, керісінше одан сабақ алатынын айтты. Тіпті Африкада кино түсіру идеясы желі қолданушысының мазағынан кейін келген.


"Мен кіммін, ол кім? Ол жоғары жақтағы адам ғой": Әбдірайымов Нұрлан Қоянбев жайлы


"Бизнес по казахски в Америке" киносын түсірдік. Сосын пікірлерді оқып отырсам, біреу "Африкада түсірмедің бе?" деп жазыпты. Сосын ойладым. "Неге Африкада түсірмеске, көрерменге керегі сол ма?" дедім. Солай Африкаға аттандық. Ол жақта ешкімді танымаймыз. Ешкіммен келіспегенбіз. Барып іздестірдік. Бізден 1500 млн доллар сұрады. Мен 300 мың долларым ғана бар екенін айттым. Олар күлді. Осылайша Найроби қаласындағы кино мамандары бізден көп ақша талап етті. Қазақтар 300 мың доллармен кино түсіру үшін сонау алыстан кепті деген әңгіме тараған көрінеді. Кейін амалымыз таусылып, қонақ үйден шығып бара жатсақ, бір апа бізге жақындады. Біздің кино түсіруге келгенімізді сұрады. Мен сіздерге көмектесемін деді. Ол кісі жағдайы жақсы апа екен. Біз келгенше бәрін реттеп қойды. Біз қолымызда бар аөшаны аудардық. Қайда барсам да, сондай адамдар бізге көмектеседі", - деді ағынан жарыла. 

Қоянбаев қазақ жерінен кеткен небір шетелдік азаматтардың Қазақстанды сағынатынын айтады. 

"Германияда да, Кореяда да небір кемпір-шалды көрдім. Мен құшақтап амандасады. Қазақстанды сағынады. Барлық жастық шағы, бала күні, алғашқы махаббаты Қазақстанда қалған. Естеліктерінің бәрі Қазақстанда қалған. Соның бәрін тастап, өздері ғана тарихи отанынан оралған. Мен сондай шынайы оқиғаларды киноларымда көрсетуге тырысамын. Бұл жалған патриотизм емес", - деді продюсер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр