Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен кіммін, ол кім? Ол жоғары жақтағы адам ғой": Әбдірайымов Нұрлан Қоянбев жайлы

Уәлибек Әбдірайымов пен Нұрлан Қоянбаев арасындағы дау әлі де аяқталар емес. Қоянбаевтың киноларын сынаған Уәлибек Әбдірайымов Қоянбаевтың өзіне айтқан жауабына риза емес. Әбдірайымов өзін қарапайым азамат, ал Қоянбаев беделі мықты режиссер деп атады. 

Бұл туралы "Қасқа жол" бағдарламасында айтылды. 

"Мен Қоянбаевпен кездесіп ұрысқаным жоқ. Біз осылай айтып жүре береміз ғой. Не қыламын онымен кездесіп. Ол менімен кездесетін адам емес қой. Ол мықты режиссер ғой. Ол мені қабылдамауы да мүмкін. Мен қатардағы, қарапайым біреумін ғой. Екіншіден, менің жасым үлкен. Мен оны іздеп барам ба? Ауылда бір ақсақал ана бала амандаспады деп ренжісе, артынан барып кешірім сұрайтын едік. Сондай тәрбие болатын еді. Қазір жастар олай сыйламақ түгілі, амандаспайды да", - деді Әбдірайымов. 

Уәлибек мырза қазіргі жүйенің кейбір келеңсіздіктеріне тоқталды. 

"Бізге осы Қазақстанды біреу жалға берген секілді өмір сүреміз. Неге өз тілімізді дамытпаймыз? Кешегі денсаулық сақтау министрінің  қаулысы тіпті масқара? Ахмет Байтұрсыновтар, Әлихан Бөкейхановтар тіріліп келсе, таңғалатын шығар. Қазіргі жүйені көріп, жылайтын шығар. Олар тіріліп келген күннің өзінде ешкім танымайды да. Цой оларды тани ма? Олар насихатталып жатыр ма? Бір елде министр болған соң батысқа еліктей бермей, сол елдің тілін, мәдениетін білу керек деп есептеймін. Соған қарай жұмыс істеу керек", - деді актер. 

Актер мырза Қазақстанда әйелдерге ешқандай шектеу қойылып жатқан жоқ деп есептейді. 

"Әйелдер министрлікте жүр, әкімдікте жүр, басшы болып жатыр. Сонда әйелдің құқығы тапталып жатыр ма? Әйелдің құқығы тапталса, көшеде митингіге шыға ма? Әйелдерді көшеде неге жалаңаш жүрсің деп ұрып жатыр ма, орамал тақпадың деп ұрсып жатыр ма? Керісінше әйелді көтермелеп жатыр. Әйелдер еркекпен бірдей қызмет атқарып жүр. Ал зорлық-зомбылық қылып жатқан азаматтар жазасыз қалып жатқан жоқ. Әркім заңға сәйкес жауап береді", - деді Әбдірайымов. 

Бұған дейін "Шаншар" театрының басшысы кино түсіруді қолға алған Қоянбаевты сынаған еді. Ол қазақтарды ауыл адамы не төмен деңгейлі халық деп көрсеткені үшін ашуын айтты. Бұған Нұрлан Қоянбаев жауап берді. "Мықты болсаңыз, халықтың ақшасына түсірілген киноларды сынамайсыз ба?" деген жауап айтты Қоянбаев мырза.


Ахмет Байтұрсыновтың ең үздік 10 өлеңі

Талқылау