Нұр-Сұлтаннан Шымкентке коронавирус жұқтырған адамды тасымалдаған автобус жүргізушісі жазаланады
Коронавирус анықталған жолаушыны тасымалдаған Нұр-Сұлтан - Шымкент қалааралық автобусының жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Карантиннен кейін автобус жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабына сәйкес жазаланатын болады. Бұл жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу. Қазір аталған автобустың жүргізушісі карантинде жатыр", - деп түсіндірді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 24 наурызда Шымкентте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алғашқы оқиғасы анықталды. Науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ер адам 20 наурыз күні қалааралық автобуспен Нұр-Сұлтаннан келген. Кейіннен жігіттің анасының да коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”