Нұр-Сұлтанда сауда орталығындағы өрт: 20 жасар қыз терезеден секіріп кеткен
Қыз Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталығындағы өрттен қашып, ғимараттың терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер оқиға орнынан бейнежазбалар жіберген, видео кадрларынан жоғарғы қабатта тұрған қыздың бүкіл сауда орталығын толтырған түтіннен құтылу үшін секіруге шешім қабылдағанын көруге болады.
Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше 2001 жылғы туылған қыз зардап шеккен.
"Өрт сөндіру барысында "Универсал" жиһаз цехының 2001 жылы туған қызметкері зардап шеккен. Қазір ол қыз Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде", – деді департаментте.
Бұған дейін, Нұр-Сұлтандағы "Астықжан" ірі сауда орталығында өрт болғаны жазылған. Қазір оқиға орнына елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған