Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ірі сауда орталығы отқа оранды. Өрттен 20 жасар қыз зардап шекті (видео)

Нұр-Сұлтанда "Астықжан" сауда орталығында жиһаз өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

нур султан пожар

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шақырудан кейін 6 минут ішінде жеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша бүгін сағат 09: 42-де Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шұғыл аттанған.

нур султан пожар 2

"Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттың ішінде келді. Олар жеткенде "Астықжан" сауда орталығының 3-қабаттындағы жиһаз салоны жанып жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды", – деп жазылған департаменттің дерегінде.

Өрттен 20 жастағы жиһаз цехының қызметкері зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

"Өрт сөндіру барысында "Универсал" жиһаз цехының 2001 жылы туған қызметкері зардап шеккен. Қазір ол қыз Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде", – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, Атырауда полиция көлігі өртеніп кеткені жазылған болатын.

Талқылау