AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қозғалып келе жатқан жүк көлігіне секіріп мініп, жүргізушіні тоқтатпақ болған полицей маратпатталды

Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіні тоқтатып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғап қалған Архат Ракишевке Президент Жарлығымен ІІ дәрежелі “Айбын” орденін табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысына орденді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев табыстады. 

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы Архат Ракишев өткен жылдың желтоқсан айында асқан ерлік көрсетіп, жол қауіпсіздігін сақтап қалған. Тәртіп сақшысы елорданың Қошқарбаев көшесінде ережені өрескел бұзып, апатты жағдай тудырып келе жатқан жүк көлігін байқаған. Алайда жүргізуші жүк көлігін тоқтатпай, қозғалысын жалғастырған. Осы сәтте полицей жүк көлігіне секіріп мініп, жол ережесін бұзған азаматты өзі тоқтатпақ болған. 

“Көнбегеннен кейін Архат кабинаға кірген. Кабинаға кіріп, жүргізушіні тоқтатам деген кезде, КамАЗдарда болады ғой дөңгелектің балонының кілті, балға сияқты қатты құрал, сондай затпен басынан ұрып, есінен тандырып, машинаны тоқтатпай ары қарай жүргізіп, шайқалтып итеріп жіберген. Содан жерге құлаған. Қасында келе жатқан, осыны көрген жүргізушілер Архатты басып кетпес үшін тоқтаған”, – деді әкесі Кабдуали Ракишев оқиға жайлы.

Полиция капитанына екі рет ота жасалған. Комада болған азамат бүгінде есін жиған. Бірақ ол ары қарай да емін жалғастыратын болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр