Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылады? Елордалық бас санитар дәрігердің жауабы
Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы кинотеатрлардың қашан ашылатыны жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кинотеатрлардың ашылуы тақырыбына тоқталсақ, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бүгінде тиісті қаулы әлі шығарылмады. Егер де қаулыны шығаратын болсақ, онда көрермендерді отырғызудың барлық алгоритмдері мен кинотеатрларды ашу кезіндегі қажетті шаралар ескеріледі", - деді бас санитар дәіргер.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда маусым айында кинотеатрлар ашылады деп айтылған еді. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жарлығына сәйкес, кинотетарларды ашу карантин режимін жеңілдетілуінің үшінші кезеңімен тұспа-тұс келеді.
Айта кетерлік жайт, Нұр-Сұлтанда сауда ортылқтары 25 мамырдан бастап ашылған болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"