Нұр-Сұлтанда сауда-ойын орталықтары қашаннан бастап жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап сауда-ойын орталықтары мен дәмханалар қызметін қайта бастауы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хан Шатыр

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева мәлім етті. 

Елорданың бас санитар дәрігері сөзіне сүйенсек, осы аптаның соңында сауда орталықтары мен басқа нысандардың жұмысын қайта қалыпқа келтіру туралы шешім қабылданады. Егер коронавирустың өсімі 5%-дан аспаса олардың жұмысының қайта басталуына рұқсат беріледі екен.

Десек те Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі 18 мамырдан бастап сауда-ойын орталықтарының жұмысы жанданады деп кесіп айтға болмайтынын жеткізді. Әкімдіктегілер қаланың эпидемиялогиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты егер жағдай 25 мамырда тұрақталса, кейбір нысандар ашылатынын айтады. 

Еске салайық, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 18 мамырдан бастап дәмханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану орындары ашылады деп көрсетілген еді. 

Бұған қоса балабақшалар да осы күннен бастап ашылады деп айтылыпты. 

"Ойын-сауда орталықтарында адам көптеп жиналатын жерлер, тамақтану және косметологиялық қызмет көрсететін орындардан басқа нысандарды ашуды жоспарлап отырмыз. Бұған қоса ХҚКО жұмысы жанданады", - деді Жанна Правлиева. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі де 18 мамырдан бастап мешіттер мен шіркеулер, қонақ үй мен дәмханалар ашылмайтынын мәлімдеген еді. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр