Басты жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ер адам жігітті ұрып, телефонын тартып алған (видео)
Нұр-Сұлтанда ер адам жас жігіттен темек тұтатып беруін сұрап, кейін ұрып тастаған. Аталған дерек бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Tүнгі уақытта Гeте көшесінің бойындағы “Паровоз” ескерткішінің жанында тұрған жас жігітке ер адам келіп темекі тұтатып алуын сұраған. Бірақ кенеттен жәбірленушіні ұрып-соғып, қолынан Samsung 032 ұялы телефонын жұлып алған. Жәбірленушіге жасаған шабуылы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны екені анықталды. Ұрланған телефонды жігіт вокзал маңында өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.
“Қазіргі уақытта “Tонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде”, – деді “Сарыарқа” ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Жұмағұлов.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған