Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бойжеткен сегізінші қабаттан жігіттің артынан секіріп кетті

Бүгін 21 маусым күні кешкісін Нұр-Сұлтандағы көпқабаттағы үйлердің бірінде ер азамат сегізінші қабаттан секіріп кеткен. Оның артынан бойжеткен де жоғары қабаттан құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

8 қабат

Оқиға елордадағы "Инфините" тұрғын үй кешенінде орын алған. Екі тұрғынның сегізінші қабаттан құлауын куәгерлер видеоға түсіріп алған. 

Қазір екеуі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер ер адамның жағдайы ауыр екенін айтады. 

Полицейлердің мәліметінше, аталған жайт бойыншы қылмыстық із қозғалыпты. 



"Полицияға бүгін, сағат 18.45-те Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің 8-қабатынан ер адам құлап кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу шұғыл қызметтер шықты. Ер адамнан кейін 40 минут өткен соң дәл сол терезеден әйел секіріп кетті. Ол Төтенше жағдайлар қызметі дайындаған ауа жастықшасына түсті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы келіншек бірге тұрғаны белгілі болды. Пәтерді қарау барысында басқа адам анықталмады. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі амалдар басталды", - делінген ресми хабарламада. 

Талқылау