Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеден тауып алған: Елордалық әйел бөтен адамның банк картасын пайдаланғаны үшін жазаға тартылуы мүмкін

Бейтаныс адамның жоғалған банк картасын пайдаланған 20 жастағы астаналық әйел қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карта

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 34 жастағы астаналық азамат полицияға несие картасынан ақша ұрлау фактісі бойынша жүгінген. Маусымның басында ол картасын жоғалтып алғанын және бұл жөнінде ақшаны есептен шығару туралы SMS-хабарлама келгеннен кейін ғана түсінгенін атап өтті.

"Тергеу барысында елорданың 20 жастағы тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Күдікті мәлімдемесінде көшеде картаны тауып, ақшаны өз қалауы бойынша жумсауға шешім қабылдаған мойындады. Оның әрекеті қылмыс санатына жататындығын білмей, қыз 35 мың теңге шешіп алған", - делінген хабарламада.

Ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Баспасөз қызметі тек соңғы екі аптада Нұр-Сұлтанда осындай қылмыстар үшін бес адам жазаланғанын атап өтті.

"Карта жоғалған жағдайда полиция дереу банкпен байланысуға және оны оқшаулауға немесе ПИН-кодты термей жасалатын сатып алу лимитін шектеуге кеңес береді. Басқаның банк картасын тапқан азаматтарға  жоғалған мүліктер кеңсесіне немесе 102-каналға хабарласып, табылған заттарды жақын жердегі полиция пунктіне тапсыруды ұсынамыз", - дейді ПД.

Талқылау