Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3,5 жыл маньяктың тұтқынында болған бойжеткен басынан кешкен оқиғасын айтты

16 жыл бұрын педофил Виктор Моховтың тұтқынынан босатылған Рязань қаласының тұрғыны Екатерина Мартынова өзінің өмірі туралы айтты.

Онымен сұхбатты RT жариялады.

2000 жылы 14 жастағы Мартынова мен 17 жастағы Елена Самохина би кешіне барып, содан әрі жоғалып кетті. Қайтар жолда Мохов оларға шығарып салуға ұсыныс жасайды. Ол қыздарға ұйықтататын дәрі беріп, ұйықтап қалған соң екеуін көрші қалаға алып кеткен. Ол жерде қыздарды 3,5 жыл бункерде ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық жасаған.

Самохина маньяктан үш рет жүкті болды - оны Мартынов акушерлік оқулық бойынша бункерде екі рет босандырды. Үшінші бала олар бостандыққа шыққан соң өлі туды. 

Педофилмен бір үйде тұрған анасы қыздар жайлы ешнәрсе білмейтінін айтып ақталды. Айтуынша, қыздарды ұлының таныс қыздары деп ойлаған.

Бойжеткендерді Моховтың пәтерін жалдап тұратын қыз құтқарып қалды. Ол екі қыз жазып берген хатты полицияға апарып берді. Жантүршігерлік оқиғаның беті ашылған соң, Мохов 17 жылға сотталды, бір жылдан кейін ол босатылады. Маньяктың серігі Елена Бадукина қыздарды ұрлауға көмектескені үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.



Мартынова Мохов өзін кінәлі деп санайды және жасаған ісіне өкінеді дегенге сенбейді. «Сот отырысында ол өзінің сонша жылға сотталғанына қатты таңғалды, өзінің адам өлтірмегенін айтты», - деп келтіреді ақпарат көзі жәбірленушінің сөзін.

Мартынованың айтуынша, маньяк 2017 жылы болған оқиғалар туралы кітабын оқығаннан кейін оған хабарласқан. Ол Мартынованың жазғандарының бәрі шындыққа жанаспайтынын айтып, бостандыққа шыққаннан кейін нақты оқиғаның қалай болғанын айтып беруге уәде берген.

Қазір Мартынова тұрмыста, екі баласы бар. Самохина журналистермен сөйлесуден бас тартады. Мартынова оның тұрмысқа шығып, ажырасып кеткенін, қазір азаматтық некеде тұрып жатқанын айтты. Ағылшын тілін үйрететінін жеткізді. Маньяктан туған балаларды өзгелер асырап алған, оларды Самохина ешқашан көрмепті.

Мартынова қиын жағдайға тап болған адамдарға қандай жағдай болмасын, мықты болуға кеңес береді. «Себебі сізге көмектесетін бірінші адам ​​ол - өзіңіз», - деп қосты ол.

Талқылау