Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында жарық сөніп қалды: Көлгінов мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтанның сол жақ жағалауындағы тұрғын үйлер мен нысандарға түнге дейін жарық қайта қосылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сөзінше, «Сол жағалаулық» кабельді желілер станциясының қызметін реттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. 

«Үйлер мен нысандардың бір бөлігінде жарық қауіпсіздік мақсатында әдейі өшірілді. Жөндеу жұмыстары түнге дейін бітеді деп жоспарлап отырмыз. Апатты жағдайдың себебі анықтау арнайы жасаққа тапсырылды», - деп жазды Instagram парақшасында Алтай Көлгінов. 

10 қараша күні түнгі сағат екілер шамасында «Сол жағалаулық» станциясында кабельді арнаның өртенуі орын алған. 15 адамнан және 6 техникалық жасақ бірлігінен тұратын жөндеу бригадасы оқиға орын алған соң бірден жұмысқа кіріскен.  

5 жедел бригадасы нысандар мен тұрғын үйлерді басқа станцияларға қосу жұмыстарын атқаруда. 

Нұр-Сұлтанның сол жақ жағалауында орналасқан 25 нысан мен 7 тұрғын үй кешені жарықсыз қалған. Жарық қуаты істен шыққан ғимараттар Қонаев, Сығанақ, Түркістан, Алматы және Достық көшелерінде орналасқан. 

Жағдай ушығу себебі тұрғындар жарықтан бөлек, жылу және су жүйесінен де ажырап қалған. Сонымен қатар олар тамақ жасау мүмкіндігінен айырылған, себебі сол жағалаудағы тұрғын үйлерде электр плиталары орналастырған.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда
Çàãðóçêà...