Нұр-Сұлтан әуежайында ер адам ұшақта жарылғыш заттың барын айтып, шу шығарды
Елорда әуежайында Нұр-Сұлтан Анталия бағытындағы Turkish Airlines ұшағына жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы азамат ұшақта жарылғыш заттың барын айтып, бірнеше рет айқайлап, шу шығарған. Ер адамның мас болғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Әуежай аймағы мен ұшақ борты түгелдей тексеріліп, жарылғыш заттар немесе басқа да қауіпті құрылғылардың табылмады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бұл бабының санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Күдікті кінәсін мойындады. Ол қазір полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”