Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рейс кезінде ұйықтап қалған ұшқыштар әуежайға қонбай өтіп кеткен

Ethiopian Airlines жолаушылар ұшағының ұшқыштары рейс кезінде ұйықтап қалып, әуежайға қона алмай қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Flickr.com/Алан Уилсон. Эфопиялық әуе желісі

"Эфиопиялық әуе жолдары ұшақты уақытында қондырмаған екі ұшқышқа қатысты жағдайды тексеріп жатыр. Тергеу барысында олар жұмыстан шеттетілді", – делінген хабарламада.

Ұшақ Суданнан Эфиопияға бағыт алған. Бірақ ұшу жазбалары оның әуежайдың жанынан ұшып өткенін көрсетеді.



The Aviation Herald басылымының хабарлауынша, ұшқыштар шаршағандықтан басқару элементтерін автопилотқа қойып ұйықтап қалған. Ұшақ қонғалы жатқанда диспетчерлер борттың төмен түспей жатқанын байқаған. Осы уақытта әуе қозғалысын басқару қызметкерлері экипажбен байланысуға тырысты.

Ұшу жолағынан асып кеткеннен кейін автопилот сөніп, дабыл қосылған. Осыдан кейін ұшқыштар ұшақты бұрып, 25 минут кешігіп қонған.

Оқиға кезінде жолаушылар да, экипаж мүшелері де зардап шеккен жоқ.

Талқылау