Нұр-Сұлтан әкімі қаладағы балабақшалар қашан ашылатынын айтты
Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов елордалық балабақшалар 1 маусымнан бастап кезекшілік топта өз жұмыстарын жалғастыратынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, балабақшаларда карантинге дейін 55 мың астам бала болса, қазір кезекші топтарда үш мыңға жуық бүлдіршін ғана қалған.
"Біз балабақшаларды ашуға асықпаймыз, бұл мәселеге маусымның ортасында оралатын боламыз. Барлығы қаланың эпидемиялогиялық жағдайына байланысты. Бүгінгі күні ата-аналары өздері рұқсат берген балалар 15 адамдық топта балабақшаларда жүр", - деді көлгінов.
Елорда әкімі балабақшалар әлі ашылмайтынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанның білім беру басқармасының жетекшісі Шолпан Қадырова қаладағы балабақшалар мен қосымша сабақ беру орталықтары 1 маусымнан бастап штаттық режимде жұмыс істейтінін айтқан еді. Көлгінов бұл шешім эпидемиялогиялық жағдайға байланысты өзгертілгенін алға тартты.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін