Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нығматулин: Бұл жылдар менің жүрегімде мәңгі қалады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы мәселені қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкімге қол қойды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс төрағасын өз еркімен қызметінен босату туралы мәселені енгізуге қаулы қабылдаған болатын.

Конституциясының 58-бабы 2-тармағына сәйкес, мәжіліс те тиісті қаулыны қарап, дауыс береді. Депутаттар оны бірауыздан қабылданды.

Ал экс-спикер мінберге шығып, өз әріптестерімен қоштасты.

"Биыл мәжіліс спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Бұл жолда, ең алдымен, Елбасымыз, Nur Otan партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі мемлекет басшысы, партиямыздың төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін" – деді Нығматулин.

Ол үш шақырылым бойы бірге жұмыс істеген барлық депутатқа, сенім білдірген сайлаушыларға, заң шығару жұмысын қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, тіпті, мәжіліске кірмеген саяси партияларға да өз алғысын айтты.

Одан әрі Нұрлан Нығматулин үш шақырылым бірге жұмыс істеген барлық депутаттарға осы жылдар ішінде қолдап, сенім білдірген сайлаушыларға, Мәжілістің заң шығару жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, барлық қоғамдық ұйым өкілдеріне, Мәжіліске кірмеген саяси партияларға, Мәжіліс жұмысын насихаттаған журналистерге, сарапшыларға алғыс білдірді.

"Бұл жылдар менің өмірімдегі ең маңызды әрі ойып тұрар орны бар кезең ретінде жүрегімде қалады", – деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ президенті жүзеге асырып жатқан барлық міндеттер мен реформаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

Талқылау