Қазақстан спорт рейтингінде ТМД бойынша үздік үштікке енді
Фото: Istock.com
Қазақстан ТМД-дағы спорты мықты елдердің бірі ретінде танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
EnergyProm сарапшыларының пікірінше, әлемдік спорттық рейтингте біздің ел ТМД арасынан тек Ресей мен Украинадан қалып қойды. Сарапшылар спорт рейтингінде ұлттық комитеттердің, федерациялардың және басқа да мамандандырылған құрылымдардың стратегияларына баға берді.
Жаһандық спорттық жетістіктері бойынша Қазақстан 206 елдің ішінде 43-орында. Көрсеткіштер бойынша жетекші орындарды АҚШ, Франция және Ұлыбритания иеленді.
Спорты ең нашар елдердің қатарына Микронезия Федеративтік штаттары, Маршалл аралдары және ең кішкентай тәуелсіз республика Науру кірді.
Алайда елімізде спортпен шынығу қымбаттап кетті. Сәуір айында спортзалға абонемент бағасы шамамен 7% өсті. Мектеп жасындағы балаларға арналған бассейндер мен спорт секциялары да қымбаттапты.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
