Түркияда туристер қонақүйлерді қандала басқанын айтып шағымданды
Түркияда туристер қонақүйлерді қандала басқанын айтып шағымданды. Ал Түркия жәндіктерді Еуропадан келген демалушылар алып келгенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: iStock
Әсіресе Анталия мен Аланияда қонақүйлер жәндіктерден ең көп зардап шегіп келеді. Туристер all inclusive қонақүйлеріне де, орта сегменттегі қонақүйлерге де шағымданып отыр.
Жәндіктер төсек-орындардың астында және жиһаздарда кездеседі. Деректерге сүйенсек, дезинфекция нәтиже бермейтін көрінеді. Қандала уақытша кеткенімен бірнеше аптадан кейін қайта пайда болып жатыр.
Түрік мамандары жәндіктердің шабуылын жақында Парижде өткен Олимпиадамен байланыстырды. Себебі сол кезде бұқаралық ақпарат құралдары қансорғыштартың Франция астанасын басқанын жазған еді.
“Көбіне оларды еуропалықтар багажымен бірге әкеледі. Туристер оларды байқаусызда чемодандарымен тасымалдайды. Төсек қандаласы жұқпалы емес, бірақ олар өте тез таралады. Сондықтан бөлмені дереу дезинфекциялаңыз!”, – деді профессор Хусейн Четин.