Қазақстандықтарға табиғи қорықтар мен саябақтарға кіру ережесі өзгереді
Экология және табиғи ресурстар министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Енді ерекше қорғаудағы аймақта тұратын азаматтар да паркке кіргені үшін төлем жасауға міндетті.
Cондай-ақ сол төлемді растайтын түбіртекті сыртқа шықпайынша өзімен бірге алып жүруі тиіс. Бұл ереже туристерге де қатысты болады.
Экология министрлігінің хабарлауынша, тәртіптен тек соғыс пен тыл ардагерлері, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалар ғана босатылады. Қаулы заңды күшіне қазанның 14-і күні енеді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"