Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Qarmet" АҚ кәсіпорнынан жанар-жағармай материалдарын ұрлап келген ұйымдасқан топ ұсталды

Ақмола облысында ұйымдасқан бір топ адам "Qarmet" АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлап келген. Олардың кәсіпорынға келтірген залалы 50 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Жедел ақпаратты іске асыру барысында Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобын ұстады.

Бұл топтың мүшелері өздерінің қылмыстық әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырып келген. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олар кәсіпорынға 50 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірген.



“Одан бөлек "Qarmet" АҚ-да жанар-жағармай материалдарын жымқыру бойынша кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде күзет бөлімі де тексеріліп жатыр. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі ақша қаражаты және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Талқылау