Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубай ханшайымы күйеуімен Instagram арқылы ажырасты

Дубай билеушісінің қызы Махра Бинт Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум ажырасатынын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі СNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото Shaikha Mahra Mohammed Rashed Al Maktoum Instagram парақшасынан

Бұл – Біріккен Араб әмірліктеріндегі ханшайымдар үшін сирек кездесетін әрекет. 

"Осы арқылы мен ажырасқанымызды жариялаймын. Мен сенімен ажырасамын, мен сенімен ажырасамын және мен сенімен ажырасамын. Өз-өзіңді күт. Сіздің бұрынғы әйеліңіз", – деп жазды 30 жастағы Шейха Махра. 

Біріккен Араб әмірлігі премьер-министрі және Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид әл-Мактумның қызы бұл жазбасы арқылы, кейбір мұсылман елдерінде ер адам әйеліне үш рет талақ айту арқылы әп-сәтте ажырасатынын меңзеп тұрған сияқты. Бұл әдіс кейбір елдерде тыйым салынған және әйелдер оны күйеулеріне қарсы қолданбайды.

Махра былтыр Harper's Bazaar Arabia және Grazia сияқты журналдарға шыққан, Дубайдың билеуші ​​отбасының мүшесі шейх Мана бин Мохаммед Әл Мактумға тұрмысқа шыққан. Көп ұзамай олардың қызы дүниеге келді. Ол аккаунтынан күйеуімен түскен суреттерін өшіріп тастаған. Шейх Мананың Instagram парақшасында да Махраның суреттері жоқ.

Ханшайым қоғамда және әлеуметтік желілерде белсенді. Ол Дубайдағы гала-шараларға қатысып, аймақтық журналдардың мұқабаларына шығады. Бұл – корольдік отбасы мүшелері үшін әдеттен тыс әрекет. 

Оның Instagram-да жарты миллионға жуық жазылушысы бар. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның анасы Грекия азаматы Зоя Григоракос.

Талқылау