Қостанай облысында ҚТЖ-ның лауазымды тұлғалары бөлінген қаражаттан 12 миллион теңге жымқырған
Қостанай облысында ҚТЖ-ның лауазымды тұлғалары теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражаттан 12 миллион теңге жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейімбет Майлин ауданының соты дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырғандарды кінәлі деп таныды.
"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А.Махмутовқа, оның орынбасары Ж.Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және "Қазақстан-ОЭК" СҮ" ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К.Елюсиновқа қатысты үкім жариялады. Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал Серікұлына 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр