БҚО-да есепші мекемеден қаржы жымқырып, ақшаны құмар ойынға салған
БҚО-да мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол ұрлаған қаражатын құмар ойындарына салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
БҚО Қаратөбе аудандық прокуратурасының мәліметінше, есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырған.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Соттың үкіміне сәйкес ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сотталушы келтірілген шығынның 1 миллионнан астамын ғана қайтарған. Ол сот процесі кезінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады