Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында екі теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті

Жамбыл облысындағы Шу станциясы аумағында екі теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті. Олар алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 21 қаңтарда Шу-Шығанақ пен Жиделі-Бірлік учаскесінің 1488 киллометр аралығында болған. Шу станциясы аумағында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер де алған жарақаттарынан көз жұмған.

Желідегі деректерге сай, ер адамның бірі 62, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол қызметінде 20-30 жылға жуық қызмет атқарған. 

Оқиғаға байланысты Қазақстан темір жолы пікір білдірді. 



"Шығанақ-Шу учаскесінің маңында теміржол көлігінің екі қызметкері жазатайым оқиғаға ұшырады. Пойыз жүргізушісі тежегішті басқанымен апаттан құтыла алмады. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тергеу басталды", - деп хабарлады ҚТЖ.

Компания қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажет көмекті көрсететінін жеткізді.

Талқылау