Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана вокзалында жолаушылар кептеліп, бір-бірін таптай жаздады (видео)

Астанада "Нұр-сұлтан" ескі вокзалындағы эскалаторда адамдар жиналып бір-бірін таптай жаздады. Қаумалаған жұртшылықтың видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет желі кадрларынан

Автор атап өткендей, кейбір адамдар тіпті эскалаторда құлаған. 

"Ескі ғимараттың кіре берісіне ағылған жолаушының бәрі сыймасы анық", – делінген хабарламада.

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметі болған оқиғаға пікір білдірді.

"14 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты автомобиль жолдары жабылды. Сәйкесінше адамдар діттеген жеріне пойызбен жетпек болған. Осыған байланысты вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті", – делінген хабарламада. 



Сонымен қатар мамандар қазір вокзал штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

"Вокзалдағы кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу бойынша шаралар қабылдады. Алайда жолаушылар кезек пен қауіпсіздік техникасын сақтамады. Сол себепті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды", – деді "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі.

Деректерге сай, зардап шеккендер жоқ.  

Талқылау