"Медициналық көмектен бас тартқан": Ақтөбеде екі айлық сәбиінің өліміне себепкер болған әйел бір жылға қамалды
Фото: pixabay.com
37 жастағы Тамара өткен жылы қарашада Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде Айнұр есімді әйелмен танысқан. Жүкті болған Тамара баспанасыз жүргендіктен, Айнұр оны аяп, өзі жұмыс істейтін "Абдуллах" шаруа қожалығына ертіп апарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Біраз күннен кейін, шөп тасып жүрген кезде Тамараның толғағы басталып, көршісі Бибігүлдің көмегімен босанады. Құжаттары болмағандықтан, "жедел жәрдем" шақырылмайды. Тамара үш баласынан айырылғанын, бұл сәбиді де алып қоя ма деп қорқатынын айтқан.
Қыз бала аман-есен өмірге келеді, бірақ туу туралы ешқандай ақпарат тиісті органдарға берілмейді, құжат жасалмайды, вакцина салынбайды. Екі айдан кейін сәби қайтыс болады.
Айнұр Бибігүлге жүгіріп барып, баланың өліп қалғанын айтқанда ғана бұл жағдай көпшілікке белгілі болды. Имам мен ауыл әкімі араласқан соң, құқық қорғау органдары тергеу бастайды.
Сот-медициналық сараптама сәбидің екі жақты пневмония, бронхит және ауыр ангина салдарынан дамыған жедел тыныс жетіспеушілігінен көз жұмғанын анықтады.
Сотта Тамара өз кінәсін мойындап, баласына немқұрайлық танытқанын мойындады. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетілгенде баланы аман алып қалуға болар еді деп мәлімдеді.
Сот Тамараны баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды.
Қарағандыдағы жаңа туған баланы сатқан: Анасы 5 жылға, медбике 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Қарағанды облысында әйел автобус аялдамасында босанып қалды
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 2024 жылдың қазан айында жеті айлық сәби жекеменшік балабақшада шетінеп кетті. Анасы баласының денесі суып, көзі айналғанын айтса, сараптама пневмония деп көрсеткен. Алайда соққыдан зақымдану белгілері де анықталған. Балабақша заңсыз жұмыс істегені белгілі болды. Қылмыстық іс тергелгенімен, "қылмыс құрамы жоқ" деп жабылған. Отбасы кінәлілердің жазаланғанын қалайды.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады