Құрылтай сайлауы: Дауыс беруді соңғы болып қай елдегі отандастар аяқтайды
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың Орталық сайлау комиссиясында шет елдерде дауыс беру қалай жүріп жатқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмыстарын бастады. 11 елде дауыс беру аяқталды.
“Шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6007-сі дауыс берді. Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды (Астана уақытымен сағ. 19:00 ашылды)”, – деді ол.
Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссияға жолданады.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың үлесін жариялаған еді. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 азамат дауыс берген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 72,15%-ы