Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы аяқталып, учаскелер жабылды: Енді дауыстарды санау басталды

сайлау
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Сайлау учаскелері жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Ел бойынша 10 363 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру құқығына 12 605 788 азамат ие болды. Енді сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кіріседі.

Ал шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыт белдеулеріне байланысты әлі жалғасып жатыр.

Бұған дейін сағат 19:00-дегі мәлімет бойынша, Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанындағы 61 елдегі 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастағаны хабарланған. Оның ішінде 11 елде дауыс беру аяқталған.

Шетелде сайлаушылар тізіміне енгізілген 11 402 адамның 6 007-сі дауыс берген.

Дауыс беруді ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы қазақстандықтар аяқтайды. Ондағы сайлау учаскесі Астана уақытымен 19:00-де ашылған.

Құрылтайы депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданады.

Айта кетейік, бұған дейін Сайлау учаскелерінің жабылуына екі сағат қалдғанда қазақстандықтардың 72,15%-ы дауыс беріп үлгергені айтылып еді.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 23 Тамыз, 2026 20:09